RU

Алматыға кіріп-шығуға шектеу қойыла ма: Әкімдік жауап берді

Алматы әкімдігі оңтүстік астанаға кіріп-шығуға шектеу қойылады деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыға кіріп-шығуға шектеу қойыла ма: Әкімдік жауап берді
Фото: NUR.KZ: Original

Ведомство карантин күшейтілгендіктен, азаматтар арасында Алматы қаласына кіріп-шығуға шектеу қойылады деген ақпарат тарап жатқанын растады.

Алайда, әкімдік мессенджерлерде желдей есіп жүрген мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Баспасөз қызметі тұрғындарды күмән тудыратын дереккөздерге сенбеуге шақырды.

Ресми ақпарат Алматы әкімдігінің сайтында жарияланады.

Айта кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілгені белгілі болды. Ертеңнен бастап өңірде бірқатар шектеу шарасы енгізіледі. Олар қоғамдық көлік жұмысының кестесіне, азық-түлік дүкендері мен басқа да кәсіпорын субъектілеріне қатысты болмақ.

Одан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында да карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Өңір әкімінің орынбасары коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып жатқанын түсіндірді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңір аумағында кинотеатрлар, сауда орындары мен басқа да көңіл көтеру орындары ашылмайтын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860288-almatyga-kirip-syguga-sekteu-kojyla-ma-kimdik-zauap-berdi.html