2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Атырауда алты жасар қыз дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау қаласында алты жасар қыз жеке үйдің дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырауда алты жасар қыз дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған

Көрнекі фото: NUR.KZ

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 13 маусымда қаладағы "Қара депо" шағынауданында болған. Жергілікті уақытпен сағат 19:50 шамасында 6 жасар қыз үйінен ойнауға шығып кеткен.

Алайда, оны туыстары таба алмай қалған.

"Іздестіру барысында алты жасар қыздың жеке үйдің ауласындағы дәретхананың шұңқырына түсіп кеткені анықталды. Шұңқырдың тереңдігі – 2 метр.
Баланың өлі денесі дәретхана шұңқырынан кешкі сағат 21:50-де шығарылды",- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде 28 жастағы қала тұрғыны өзін белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, ақша талап еткенін айтып, облыстық полиция департаментіне арыз түсірген. Полицияның мәліметінше, жәбірленуші көрсеткен мекенжайда үш ер адам мен бір әйел адам ұсталған.

"Күдіктілерден ОСА травматикалық тапаншасы, "Мерседес" көлігінен пышақ пен травматикалық қару тәркіленді. Алдын ала белгілі болғаны, жәбірленуші інісімен қаланың ескі бөлігінде жүрген. Сол кезде белгісіз біреулер екі көлікпен келіп, тапанша тақап, машинаға отырғызып, жалдамалы пәтерге апарған.
Сол жерде ұрып-соғып, 1 миллион теңге талап етеді. Таң ата бәрі ұйқыға кеткенде жәбірленуші үшінші қабаттағы балкон арқылы секіріп, қашқан. Бірден облыстық полиция департаментіне келіп, мән-жайды айтып берді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда алты жасар қыз дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған