RU

Көкшетауда пәтерден шыққан өрт: Үш баланың біреуі көз жұмды, екеуінің жағдайы ауыр

13 маусым күні кешке Көкшетаудың Сарыарқа шағын ауданындағы 14/3-үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, бес жасар бала көз жұмды. Қазір екі жеткіншектің жағдайы ауыр. Дәрігерлер құтқарылған балалардың халі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көкшетауда пәтерден шыққан өрт: Үш баланың біреуі көз жұмды, екеуінің жағдайы ауыр
Фото: Sputnik Қазақстан/ Ақмола облыстық ТЖД: UGC
"13 маусымда Сарыарқа шағынауданында өрт шыққан пәтерден үш бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 2010 және 2013 жылғы екеуін сағат 23:09 жедел жәрдем қызметі алып келді. Екеуі де 3-4 деңгейлі термиялық күйік алған, яғни денесінің 80 және 90 пайызы күйіп қалған. Бүгінгі таңертеңгі жағдай бойынша, олардың жағдайы аса ауыр, өмірлеріне қауіп төніп тұр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан екі балаға "тамыр ішінде таралған қан ұю синдромы" диагнозы қойылған. Мұндай күйіктен тірі қалу екіталай. Ал, үшінші - 2015 жылғы баланың өміріне дәрігерлер араша түсе алмады",- дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, 5 жасар бала Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілгенше көз жұмған.

"Баланы құтқарушылар алып шыққан соң жолай өтіп бара жатқан көлікпен Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген. Ол кезде бала клиникалық өлімде болды (жүрек соғысы тоқтап, дем алмады). Денесінің 90 пайыздан астамы күйген. Аяқ-қолының ұшы күлге айналған. Балалардың барлығына реанимациялық шаралар жүргізілді", - деп толықтырды ведомстводан.
Көкшетауда пәтерден шыққан өрт: Үш баланың біреуі көз жұмды, екеуінің жағдайы ауыр
Фото: Sputnik Қазақстан/ Ақмола облыстық ТЖД: Depositphotos

Айта кетейік, осыған дейін Оралда полиция автокөлігі өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860296-kksetauda-pterden-sykkan-rt-s-balany-bireui-kz-zmdy-ekeuini-zagdajy-auyr.html