Выйти
RU

Ақтөбеліктердің көлігін ұрлап, басқа қалаға апарып сатқандарға сот үкімі шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеден көлік ұрлап сатқан оралдық қылмыстық топ мүшелері үш жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеліктердің көлігін ұрлап, басқа қалаға апарып сатқандарға сот үкімі шықты

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде автокөлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың сот процесі аяқталды. Оқиға өткен жылдың күзінде полиция бөлімдеріне ұрланған автокөлік иелері жүгінгенде басталған. Машиналар алдымен аптасына бір рет, содан кейін жиі, содан кейін түнде екі көлікке дейін жоғалған. Тек қана ресейлік есептегі “ВАЗ – 2114” және “ВАЗ – 2115” ұрланатын болған.

№1 қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздестіруді күшейтіп, қорытындысында ұрланған автокөліктердің бірі Орал қаласында сатуға қойылғандығы анықталды. Жедел іздестірушілер дереу Батыс Қазақстан облысына барды.

Автокөлік сатушысы көліктің ұрлағаны туралы білмеген. Оралда жедел уәкілдер негізгі сатып алушыны қолға түсіріп, Ақтөбеге жеткізген. Оралдық қылмыстық топ Ақтөбе қаласында ұрлық жасап, автомашиналарды айдап әкеткенін мойындады.

Полиция қызметкерлері сатып алушының телефонын тәркіледі, бірнеше күннен кейін оған қоңырау келіп түскен, белгісіз дауыс түнде тағы екі көлік келетінін хабарлаған. Жедел уәкілдер де кездесуге дайындалып тұрған. Түнде “Самара – Шымкент” автожолында Қобда ауылының жанында ақтөбелікке автокөліктерді сатқан соң, барлық қылмыстық топ мүшелері ұсталған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қылмыс тізбесі мынадай болған: үш адам Ақтөбе қаласының көшелерінен автокөліктерді айдап әкетіп, оларды 150 мың теңгеден сатқан. Осыдан кейін Ақтөбедегі сатып алушы Оралға автокөліктерді айдап әкеліп, онда басқа сатып алушыға 250 мың теңгеден қайта сатқан және т.б.

Қылмыстық тізбектің барлық қатысушылары сот алдында жауап берді. Ұйымдастырушы үш жылға бас бостандығынан айырылды, қалғандарына үш жылдан шартты түрде берілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеліктердің көлігін ұрлап, басқа қалаға апарып сатқандарға сот үкімі шықты