Выйти
RU

Елордада Сауран көшесі жартылай жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы Сауран көшесі 18 маусымға дейін жартылай жабылды. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Сауран көшесі жартылай жабылды

Көрнекі фото: astana.gov.kz

Жол желісін орташа жөндеу аясында Сауран көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 13-18 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елордада бүтін бір отбасының барлық немесе бірнеше мүшесінде коронавирус инфекциясы расталған жағдайлар көбейді. Астаналық бас дәрігер Сәуле Қисықованың айтуынша, ақ халаттылар күн сайын инфекцияның "отбасылық ошақтарын" анықтап жатыр.

"Инфекцияның жаңа ошақтары байқалады, бұл отбасылық ошақтар, күн сайын біз ауруды жұқтырған отбасының екі немесе кейде 5-7 мүшелерінен вирус анықтаймыз. Отбасылық мерекелерді өткізу кезінде індет жұқтырғандар байқалды, бұған мүлдем жол беруге болмайды",– деді Қисықова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада Сауран көшесі жартылай жабылды