Выйти
RU

Коронавирусқа қарсы 400 млн доза вакцина төрт елге жеткізіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италия, Германия, Франция және Нидерланды британиялық дәрі шығаратын AstraZeneca Plc компаниясымен коронавирусқа қарсы екпені жеткізу жөнінде келісімшартқа отырды. Алғашқы жеткізілім 2020 жылдың соңына дейін жасалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирусқа қарсы 400 млн доза вакцина әлемнің төрт еліне жеткізіледі

Көрнекі фото: NUR.KZ

Фармацевтикалық компания қазіргі уақытта сынақтан өткізіліп жатқан екпені Оксфорд университеті дайындағанын мәлім етті. AstraZeneca пандемия кезінде екпені үстінен пайда көрмей жеткізетінін атап өтті. Екпенің алғашқы партиясы осы жылдың соңына дейін келуі тиіс. Бұл туралы сенбі күні Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца Facebook парақшасында жазды.

Компания 2 миллиард екпе дозасын өндіру бойынша өз міндетін орындау үшін әлемнің барлық елімен келісімшартқа отыруға келісті. Белгілі болғандай, екі кәсіпорынды Билл Гейтс қолдаған, сондай-ақ АҚШ үкіметімен 1,2 миллиард долларға келісім жасалған. Қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы бекітілген екпе немесе дәрі жоқ, бірақ әлемде бірқатар сынама жүргізіліп жатыр.

Сәуірде Ұлыбританияда Оксфорд университетінің екпесін ерікті адамдарға сынақтан өткізу басталды. Сынаққа 18-55 жас аралығындағы 1000 адам қатысты. Өткен айда сынауға 10 000 ерікті тартылып, жаңа кезеңі басталды.

Айта кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусқа қарсы 400 млн доза вакцина төрт елге жеткізіледі