2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"Төрт жасар ұлымен қоса ұрған": Екінші күйеуінен зорлық көрген әйелдің оқиғасы

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық және дағдарыс орталығын паналаған мүгедек келіншектің оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Екінші рет тұрмысқа шыққан Ұлпан (аты-жөні өзгертілді) күйеуінен қорлық көріп, қақаған қыста далада түнеуге мәжбүр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Төрт жасар ұлымен қоса ұрған": Екінші күйеуінен зорлық көрген әйелдің оқиғасы

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ұлпанның бірінші некесі де сәтсіз болды. Кейін ол төрт жасар ұлымен бірге екінші рет таңдау жасап, тұрмыс құрған. Алайда, онсыз да мүгедектігі бар келіншекті жолдасы аяусыз ұрып-соғып, кішкентай ұлын да таяқтың астына алған. Соның салдарынан, төрт жасар бүлдіршін бас-ми жарақатына ұшырайды.

Ұлпанның ата-анасы ажырасып кеткен. Бүгінде әрқайсысы өз отбасымен күн көріп жатыр. Өкініштісі сол, Ұлпанға көмек қолын созуға әкесі де, шешесі де мүдделі емес. Ал 2019 жылы ол екінші жолдасынан жүкті болып, дүниеге қыз бала әкеледі. Бірақ өз сәбиінің өмірге келгені де күйеуін қуанта қойған жоқ. Жолдасы қыстағы аяз бен боранға қарамастан, Ұлпанды далаға қуып жіберуін тоқтатпайды.

Ақыры амалы таусылған Ұлпан 22 жастағы інісіне қашып келеді. Ол полиция қызметкелеріне хабарласып, келіншекті балаларымен бірге Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығына жеткізген.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетелік, қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығында 32 бала уақытша тұрып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін алматылық ару бір жыл бойы сүйіктісінің ұрып-соққанын айтып, желіде жазба қалдырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Төрт жасар ұлымен қоса ұрған": Екінші күйеуінен зорлық көрген әйелдің оқиғасы