Выйти
RU

Шығыс Қазақстанда сегіз жасар қыз көлге батып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 8 жасар бала суға кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстанда сегіз жасар қыз көлге батып кетті

Көрнекі фото: azh.kz

Департаменттің мәліметінше, кеше Ұлан ауданының тұрғыны баласының Дубығалы көлінде жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. Таврическое ауылының құтқарушылары бірден баланы іздеуге кірісті. Олар көлдің айналасын, жағалауын, тау-тасты түгел аралап, баланы іздеді. Содан кейін Өскемен құтқару жасағының сүңгуірлері су астынан қарай бастады.

"2012 жылы туған қыз баланың денесі жағалаудан 5 метр жерде үш метр тереңдікте жатыр екен. Қайғылы оқиғаға баланың қараусыз қалып қоюы себеп болған. Бұл мәселені аймақ құтқарушылары үнемі айтып, ата-аналарға ескертіп келеді. Биыл өңірде баланың суға кетуі бірінші рет тіркеліп отыр", - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Құтқарушылар ата-аналарға жағалауда демалған кезде барынша абай болып, баласын қараусыз қалдырмау керегін еске салады.

Айта кетейік, 13 маусым күні кешке Көкшетаудың Сарыарқа шағын ауданындағы 14/3-үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, бес жасар бала көз жұмды. Қазір екі жеткіншектің жағдайы ауыр. Дәрігерлер құтқарылған балалардың халі туралы айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шығыс Қазақстанда сегіз жасар қыз көлге батып кетті