Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда ішімдікке тойып алған екі жасөспірім ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан полицейлері ішімдікке сылқия тойған екі жасөспірімді ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ресми polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда ішімдікке тойып алған екі жасөспірім ұсталды

Көрнекі фото: pixabay.com

Жеткіншектер өздеріне демалыс ұйымдастыруды ұйғарып, жергілікті дүкеннен ішімдік алған. Оларға ешкім қарсылық көрсетпеген. Ішімдік алған соң балалар көптің көзіне түспес үшін Сарыарқа даңғылындағы бетон блоктарға жайғасқан.

Алайда, жасөспірімдердің демалысы қайғылы жағдайға ұласа жаздады. 0,5 литр ішімдік ішкен олардың бірі ауруханадан бір-ақ шықты. Бүгінде аталған фактіге қатысы бар адамдардың тұлғасы анықталды. Полицейлер кәмелет жасқа толмаған балалармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, олардың өкілдеріне сөгіс беріп, айыппұл жазды.

Енді ҚР ӘҚБК 440- бабы бойынша 5АЕК көлеміндегі айыппұлды жасөспірімдердің ата-анасы мен қамқоршылары өтейтін болады.

Кәмелет жасқа толмаған балаларға алкоголь сатқан дүкен иесі де жазасыз қалмады. Оған қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабы 1-бөлімі (алкоголь өнімін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сату) бойынша хаттама толтырылды.

Айта кетейік, 13 маусым күні кешке Көкшетаудың Сарыарқа шағын ауданындағы 14/3-үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, бес жасар бала көз жұмды. Қазір екі жеткіншектің жағдайы ауыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда ішімдікке тойып алған екі жасөспірім ұсталды