Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 1999 жылы туған қыз көпірден секіріп, мерт болды

Опубликовано:

Атырауда 1999 жылы туған қыз көпірден секіріп, мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырауда 1999 жылы туған қыз көпірден секіріп, мерт болды
Фото: ATPress.kz: Getty Images

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінде хабарлағандай, бүгін таңертең жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судан 1999 жылы туған денесін тапқан. Ол кешкі уақытта өз-өзіне қол жұмсауға бекініп, Атырау қаласындағы орталық көпірден секірген.

Айта кетейік, өңірде осыған ұқсас жағдай тура бір жыл бұрын тіркелген болатын.

2019 жылы 21 наурыз күні 24 жастағы Шалқар Ақымғалиев көпірден секірмек болған қызды құтқарамын деп көз жұмды.

Марқұм полицейдің артында жанұясы мен сүйіктісі қалды.

Дариға Назарбаева ерлікпен көз жұмған тәртіп сақшысының жақындарына көңіл айтты.

Қызмет барысында қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевқа қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік марапат берілді.

Ал Қазақстан тумасы, Нью-Йорк полицей болып жүрген Димаш Ниязов өзеннен қызды құтқарамын деп ажал құшқан атыраулық әріптесі Шалқар Ақымғалиевті құрметпен еске алды.

Кейіннен Шалқар Ақымғалиевтің сүйіктісі журналистерге сұхбат беріп, қаралы хабарды кімнен естігенін баяндады. Ақбота есімді бойжеткен марқұм ғашығымен отбасы болуды жоспарлағанын да жасырған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860315-atyrauda-1999-zyly-tugan-kyz-kpirden-sekirip-mert-boldy/

pixel