RU

Көкшетауға блок-бекеттер қайта қойылады

Көкшетауда блок-бекеттер қайта қойылады. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavius2020.kz telegram каналына сілтеме жасап.

Көкшетауға блок-бекеттер қайта қойылады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Көкшетау қаласында шектеу шаралары қалпына келтіріліп жатыр. Соңғы аптада Көкшетау қаласы бойынша өсім 80% - дан асты, бұл 42 адам. Оның ішінде симптомдары бар – 15, симптомсыз – 27.

Естеріңізге сала кетейік, симптомсыз науқастар – бұл сыртынан ауру белгілері көрінбейтін адамдар: жөтел, температура және басқа да белгілер жоқ, бірақ тексеру нәтижесі оң. Олар - вирустың белсенді тасымалдаушылары.

Бүгінгі күні АОПТД жұқпалы бөлімшесінде емдеуге 49 адам жатқызылған, провизорлық стационарларда 63 адам бар.

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жаңарту жөнінде шешім қабылданды.

15 маусымда сағат 20.00-ден бастап Көкшетау қаласының периметрі бойынша 7 блок-бекеттің жұмысы қайта басталады.

Азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерін сататын сауда объектілерінің, азық-түлік емес дүкендердің, спорт объектілерінің, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, діни мекемелердің жұмысы шектелді.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі оңтүстік астанаға кіріп-шығуға шектеу қойылады деген қауесетке қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860325-kksetauga-blok-beketter-kajta-kojylady.html