Выйти
RU

Біртановтан COVID-19 анықталған соң Мамин өзін-өзі оқшаулады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны анықталған соң үкімет басшысы Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің баспасөз хатшысының парақшасына сілтеме жасап.

Біртановтан COVID-19 анықталған соң Мамин өзін-өзі оқшалады

Аскар Мамин. Фото: Ақорда

Зарина Нұрланқызының жазуы бойынша, Мамин 12 маусым күні жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барып қайтқан, онда денсаулық сақтау министрі де болыпты.

"Елжан Біртановтан COVID-19-ға алынған анализ бойынша вирустың анықталуына байланысты, ҚР премьер-министрі тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс.

Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді.

Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады", - деп жазды үкімет басшысының бапасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бұл туралы министрдің өзі Facebook парақшасында жазды.

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", - деді ол өз жазбасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртановтан COVID-19 анықталған соң Мамин өзін-өзі оқшаулады