Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 4 адам көз жұмды: Елімізде коронавирус құрбандарының саны 77-ге жетті

Опубликовано:

Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы төрт науқас көз жұмды. Осылайша, қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 77-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Соңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында 1941 жылы туған әйел, Павлодар облысында 1971 жылы туған әйел, Ақмола облысында 1977 жылы дүниеге келген ер адам және 1952 жылы туған әйел қайтыс болды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша қайтыс болғандар тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы – 15

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 6

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 4

Қарағанды облысы – 7

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 12

Түркістан облысы – 3

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.Бұл туралы министрдің өзі Facebook парақшасында жазды.

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", - деді ол өз жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860341-tagy-4-adam-kz-zmdy-elimizde-koronavirus-krbandaryny-sany-77-ge-zetti/

pixel