Выйти
RU

Тағы 313 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңға жуықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тағы 313 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 14809-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"14 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 77, Қарағанды ​​облысында - 47, Алматы қаласында - 31, Батыс Қазақстан облысында - 30, Шымкент қаласында - 26, Атырау облысында - 23, Солтүстік Қазақстан облысында - 15, Ақтөбе облысында - 12, Түркістан облысында - 11, Шығыс Қазақстан облысында - 10, Алматы облысында - 8, Жамбыл облысында - 8, Қызылорда облысында - 7, Павлодар облысында - 3, Қостанай облысында - 2, Ақмола облысында - 2, Маңғыстау облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша өсім 2,2 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 313 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңға жуықтады