Выйти
RU

"Үкімет жетіскеннен карантин енгізген жоқ": Белгілі журналист отандастарына үндеу жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық журналист Руслан Желдібай коронавирус індетін жоқ деп санап, карантин шараларын сақтамайтын адамдарға реніш білдірді. Ақпарат саласының өкілі әлемде болып жатқан жағдайға бейжай қарағандарға үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: pixabay.com және Руслан Желдібай/Facebook

Фото: pixabay.com және Руслан Желдібай/Facebook

Бұл туралы Руслан Желдібай Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Әлі де "коронавирус өтірік" дейтін пікірлерді оқып қаламын.

Қоғамдық орында маска тақпау, бір метр дистанцияны сақтамау т.б. тіркелгендер саны артуына алып келеді.

  • Менің жақын үш досым ауырды, екеуі жазылып шықты. Екеуінде пневмония белгілері болды. Оңай емес.
Ал "денсаулығым мықты" дейтіндер риск топтағы адамдарды ойласын дегім келеді. Менің әкем рактан емделді. Иммунитеті әлсіз. Міне, осындай кісілерге қауіпті. Ең болмаса басқаны да ойлау керек.

"Коронавирус жоқ" дейтіндер ертең біреудің өліміне себепкер боламын деп ойламайды ма екен. Сенбесе ерікті түрде ауырып жатқандармен бірге жатсын. Жалпы Үкімет жетіскеннен карантин енгізген жоқ. Экономиканың төмендеуі басқа басқа бірінші кезекте Үкіметке керек емес.

Сол үшін сіздерді санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Жауапты болайық!", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.Бұл туралы министрдің өзі Facebook парақшасында жазды.

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", - деді ол өз жазбасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үкімет жетіскеннен карантин енгізген жоқ": Белгілі журналист отандастарына үндеу жасады