Выйти
RU

Аша Матайдың ағасы мен жеңгесі сәби күтіп жүр ме: желіде фото тарап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матайдың туған ағасы жақында алғаш рет әке атанатын көрінеді. Әлеуметтік желіде жұлдызды отбасыға келін болып түскен Жарқынай Ханайымның жүкті екенін растайтын фотосы тарап кетті. Сериао түсірілімі кезінде табысқан жас жұбайлар карантин кесірінен үйлену тойын да өткізіп үлгермеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/qaz.stars/sakura_rauza. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/qaz.stars/sakura_rauza. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым еліміздегі коронавирус пандемиясы салдарынан үйлену тойын кейінге шегеруге мәжбүр болған.

Алайда карантин аяқталған соң, жұлдызды әулет енді қос бірдей қуанышты тойлайты сыңайлы.

Аша Матайдың жеңгесі жақында тұңғышын дүниеге алып келетін көрінеді. Желі қолданушылардың бұл болжамына Жарқынай Ханайымның Instagram-да тарап кеткен фотосы негіз болған.

Онда әнші арудың іші шығып қалғанын байқауға болады. Сурет qaz.stars парақшасында жарияланған.

Көпшілік қос ғашықты жарыса құттықтап, өздерінің ақ тілегін жаудырған.

Жұлдызды отбасының өмірін жіті қадағалап отыратын оқырмандардың айтуынша, аталмыш фотоны алдымен болашақ ананың өзі парақшасында бөліскен. Алайда, кейін белгісіз себептермен өшіріп тастапты.

"Құтты болсын, бірден екі тойды тойлайсыздар енді" , "Олар жақында ғана үйленді емес пе?" , "Бақытты болыңыздар, қуаныштымыз" , "Фотошоп секілді немесе тағы фильм түсірілімі шығар" , "Фотошоп емес, себебі ол өзі салып, кейін өшіріп тастады" , "Үйленіп үлгермей ата-ана болады. Бәріне үлгерді" , "Қуаныштымын, аман-есен босаныңыз" , - деп жазуда халық.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Аша Матайдың ағасы мен жеңгесі сәби күтіп жүр ме: желіде фото тарап кетті