Выйти
RU

Біртановпен кездескен Сапарбаев оқшауланып, онлайн жұмыс істейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғаннан кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооооо

Бердібек Сапарбаев. Фото: Ақорда

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Сапарбаевтың оқшауланғанын растады.

Сондай-ақ, аймақ басшысының ерікті түрде өзін-өзі шектеуіне қарамастан, өз міндеттерін орындауды жалғастыратыны хабарланды.

Бердібек Сапарбаевтың жұмыс процесі өзін-өзі оқшаулау тәртібіне сәйкес болуына орай онлайн режимге көшірілді.

Сонымен қатар, облыс әкімі COVID-19 вирусын анықтауға арналған тест тапсырғаны белгілі болды. Тексеру нәтижесі теріс шыққан.

Айта кетерлігі, 12 маусымда Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына сапары барысында Асқар Мамин және Елжан Біртановпен кездескен еді.

Шенеуніктер Гвардейский кентіндегі коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құрылыс нысанында болды.

14 маусымда Денсаулық сақтау министрлігі басшысының инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Біртановтың алғашқы белгілері бар КВИ формасымен ауырғаны белгілі болды.

Осы фактіні ескере отырып, аймақ басшысын оқшаулау туралы шешім қабылданды.

Үкімет басшысы Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулауға көшетінін мәлімдеген болатын.

Премьер-министр коронавирусқа тест тапсырған, алайда сынама теріс нәтиже көрсетіпті. Айта кету керек, осы жағдайға байланысты Мамин да қашықтан жұмыс істейді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртановпен кездескен Сапарбаев оқшауланып, онлайн жұмыс істейтін болды