Выйти
RU

"Тырыстырып лосинамен жүр": Зорлықшыны ұстап алған азамат қыздарға ескерту жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздегі жоғарғы оқу орнының бірінде қызмет атқаратын Самат Смағұл есімді азамат осыдан он жылдай бұрын басынан өткен оқиғасын айтып берді. Ол сол уақытта 16 жастағы қыз баланы зорлықшының қолынан аман алып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Самат Смағұл Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"2011 жылдың күзі, түнгі 11 шамасы. Шаляпин-Алтынсарин (ред - Алматы қаласы) көшелері қиылысында бір қызды жігіт зорлайын деп жатты.

Басында ішіп алған жұбайлар деп қалдым.

Бір кезде "помогите" деген сөзді қайта-қайта естігеннен кейін барғанда, не болып жатқанын түсіндім.

Әлсіз жігіт емес екен, алайда Алланың қалауымен оны жібермей ұстап қалдым.

Соңында қыз 16 жаста екенін білдім. Өзі тыртыстырған ласинамен жүр.

Әлгі зорламақшы болған жігітті ұстап полиция қызметкерлерін күтіп тұрғанда қыздың ағасы мен анасы келіп, күдіктіні ұруға талпынды. Оларға қол ұшын тигізбей өздеріне ұрсып бердім.

  • Біріншіден күдіктіні ұрса өздері заң бұзады, екіншіден, 16 жастағы қызды түнделетіп ағасы үйде бола жіберген. Үшіншіден, қыз балаға тырыстырған киіммен түнде көшеде жүру кез келген мемлекетте қауіпті.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Соңында оқиға орнына тәртіп сақшылары келген соң, жігіттің мылқау екенін білдік. Бірақ оған заң алдында еш жеңілдік болмайды деп ойладым", - деп ол басынан өткен жағдайды баяндап берді.

Самат Смағұлдың сөзінше, әлгі қыз бірнеше жылдан кейін әлеуметтік желіде алғыс білдіріп, "қысқа киме" деп ұрысу себебін түсінгенін жеткізген.

Алматылық азамат сөзін қорытындылай келе ерлігін мақтаныш үшін жазбағанын, осы арқылы қыздарды қысқа кимеуге шақыратынын айтты.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласында қонаққа барған әйелді танысы зорлап тастағанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тырыстырып лосинамен жүр": Зорлықшыны ұстап алған азамат қыздарға ескерту жасады