RU

Бағлан Әбдірайымов COVID-19 жұқтырып, ауруханаға түскен таныстары туралы айтты

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов таныстары коронавирус инфекциясын жұқтырып, дереу ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Әнші қауіпті індеттің айналасындағылардан табылғанына алаңдаушылық білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Карантин басталғалы әлеуметтік желілерде белсенділігін арттырған Әбдірайымов таныстары COVID-19 жұқтырғанын да оқырмандарынан жасырмаған. Ол Instagram парақшасында коронавирус індетіне тап болған таныстары үшін уайымдап жатқанын жеткізді. Әншінің сөзінше, оларды диагнозы расталған бойда ауруханаға алып кеткен.

"Ковидпен таныстарымыз ауруханаға жатқызылып, уайымдатып қойды. Алла тағала, барша ем іздеген пендесіне шипа, сақтанып жүргендерді індеттен аулақ етсін! Жорытқанда жолымыз болып, әрқашан шуақты күн болсын" , - деп жазды өнер иесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бағлан Әбдірайымов жақын досы коронавирусты жұқтырып алып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққанын айтқан болатын. "Жігіттер" әншісі бұл оқиғадан кейін ғана вирусқа шынымен сене бастағанын жеткізді.

Әбдірайымов вирус туралы алғаш айтыла бастағанда аса сене қоймағанын, жағдайға атүсті қарағанын жасырмады. Алайда, бүгінде оның пікірі мүлдем өзгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860366-baglan-bdirajymov-covid-19-zktyryp-auruhanaga-tsken-tanystary-turaly-ajtty.html