Выйти
RU

Коронавирус жұқтырып алу қорқынышын қалай жеңуге болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей ғылым академиясының медицина-биологиялық мәселелер институтының әлеуметтік және когнитивті психология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Анна Юсупова коронавирус жұқтыру қорқынышын қалай жеңуге болатындығын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Коронавирустан қорқыныш сезімінін қалай жеңуге болады

Көрнекі фото: pixabay.com

Маман өзін-өзі оқшаулау режимінен шыққан кезде ауру жұқтырудан қорқу – қалыпты жағдай екенін, тек өзіңізге еш зиян тигізбей, үрейді сейілту үшін сіз аурудың немен байланысты екенін жақсы түсінуіңіз керек: гигиена туралы ұмытпай, вирус жайлы жаңалықтарды аз оқу керек екенін айтты.

"Карантин жағдайына байланысты адамдар ауру жұқтыру мүмкіндігі туралы түсініп, алаңдаушылық білдіреді. Вирустың ықтимал тасымалдаушысы ретінде ауру жұқтырудан қорқу жағдайы түсінікті. Ең бастысы – бұл қорқыныштың қоғамға қалыпты адам өміріне араласуына жол бермеу", – деді Юсупова.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Маманның айтуынша, қорқынышпен күресуге немесе оны елемеуге тырысу қажет, кері жағдайда тек өзіңізге зиян келтіресіз. Одан да қорқыныш туғызу себебін түсінуге тырысып, стрессті болдырмауға тырысқан жөн.

Ең бастысы, жеке гигиена туралы ұмытпау керек: алдымен медициналық бетперде киіп, қолды таза ұстау қажет.

"Сондай-ақ, басқалардың бейқам жүргеніне агрессиясыз, байсалды қараңыз, олардың ойында сіздікіндей ұрей жоғын түсіне білгенініңіз дұрыс", – деп қоса кетті психолог.

Өзінің қорқынышы мен мазасыздығын одан әрі қоздырмау үшін Юсупова ақпараттық мазмұндағы жаңалықтарды азырақ оқуға, "эмоциялы тақырыптарды" мүлдем оқымауға кеңес берді.

"Вирустың эпидемиясымен қатар ақпараттық эпидемия деп аталатын жағдай қазір де орын алып жатқанын ұмытпаңыз. Өз денсаулығыңызды күтіңіз", – деді Анна Юсупова.

Еске сала кетсек, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 14 809-ға жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырып алу қорқынышын қалай жеңуге болады