Выйти
RU

БҚО-да өгей әкесі төрт жасар ұлын байлап, бірнеше сағат сарайда ұстаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны төрт жасар өгей ұлын байлап, бірнеше сағат сарайда ұстаған. Ол бүлдіршінді ауылдастары араласқан соң ғана босатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БҚО-да өгей әкесі төрт жасар ұлын байлап, бірнеше сағат сарайда ұстаған

Көрнекі фото: pixabay.com

Жантүршігерлік оқиға туралы өңірлік "Мой город" басылымы хабарлады. Басылым тілшісі аудандық білім бөлімінің басшысы мен жергілікті полиция өкілімен сөйлескен. Осылайша, оқиғаның өткен аптада, 10 маусым күні болғаны анықталды.

Елді мекендердің бірінің 29 жастағы тұрғыны өз сүйіктісінің 4 жасар ұлын байлап, сарайға қамап қойған. Сарайда бірнеше сағат отырған бүлдіршінді ауыл тұрғындары келіп шығарған.

Аудандық білім бөлімі басшысының сөзінше, баланың анасы барлығынан хабардар болған: тәрбиешіге оқиға жайлы сол айтып берген. Азаматтың бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда, ол мұны туысының бұйрығымен істеген.

Білім бөлімінде хабарлағандай, қазір құқық қорғау органдары қызметкерлері де қосылған комиссия құрылған. Олар істің ақ-қарасын анықтайтын болады.

Ведомство азаматта психикалық ауытқу бар екенін де түртіп өтті. Ол қазір есепте тұр. Ал полиция "бас бостандығынан заңсыз айыру" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Айта кетейік, Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық және дағдарыс орталығын паналаған мүгедек келіншектің оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Екінші рет тұрмысқа шыққан Ұлпан (аты-жөні өзгертілді) күйеуінен қорлық көріп, қақаған қыста далада түнеуге мәжбүр болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да өгей әкесі төрт жасар ұлын байлап, бірнеше сағат сарайда ұстаған