Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Обал деген болады": Асхат Садырбай 10 жылға сотталған ақтөбелік жігітті жақтады

Опубликовано:

Асхат Садырбай жас жеткіншектерге қатысты азғындық жасады деп айыпталып, он жылға сотталған Әліби Өтепбергеннің даулы ісіне қатысты пікір білдірді. Журналист лагерь тәрбиешісіне жала жабылып, оның жазықсыз бола тұра бас бостандығынан айырылғанына ашынды. Ол арызын қайтарып алған ата-аналардың шешімі сот тарапынан ескерілсе деген үміт артып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/alibige_adildik/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/alibige_adildik/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Садырбай Әлібиге қатысты жантебірентерлік жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Ақпарат өкілі басы дауға қалған лагерь тәрбиешісіне ғана емес, өтірік айтып оны айыптаған жас ұрпақ үшін алаңдайтынын жеткізді.

Ол үлкен өмірге қадам баспай, осындай қылыққа барған жеткіншектердің болашағна обал болатыны анық деп есептейді.

"Жалп еткізіп жала жаба салғаннан кім не ұтады? Әліби ақталар, ақталсын, аққа Құдай жақ. Ал, әлі үлкен өмірге қадам баспаса да өтірік айтып, Әлібиге жала жапқан жас ұрпақтың санасы ше? Олардың болашағы ше? Обал деген болады.

Ардан аттап өмір сүруге болмайды. Нақақтан нақақ жала жабылса солардың өздері қандай күй кешеді? Ал, сондай сынақ балаларына келсе ше? Бәрі түсінікті, қазір көп ата-ана баласын сондай қатты жақсы көреді және сондай қатты жек көреді.

  • Өтірік өрге баспайды. Өтірікпен ешкім ұзақ өмір сүрген жоқ, сүрмейді де.
Мен Әлібидің жағдайын жақсы түсінемін. Мұндай қиын жағдайға жетпесе де нақақтан нақақ маған да жала жабылды. Кейбіреулер ақиқаттың ақ-қарасына көз жеткізбей жатып тілдеді, әлі де тілдеп жүр.
  • Сабыр мен төзім бәрін жеңіп шығады түбінде. Ақиқат біреу және ащы болады. Айтатын уақыт келеді.

Әлібидің жақындарына Алла жар болсын. Сабырлық пен төзім тілеймін.

Жалп еткен жала қалай тез жанса солай тез сөнеді. Жоғарғы сот арызын қайтып алған ата-аналардың шешімін ескеріп жас талантты бостандыққа шығарады деп үміттенемін.

3-мамырда да пост салып едім бұл жайлы, бірақ Әлібиге арналған парақша жазбамды байқамаған сияқты. Әліби, біз сенімен біргеміз! Суретті интернеттен алдым" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860375-obal-degen-bolady-ashat-sadyrbaj-10-zylga-sottalgan-aktbelik-zigitti-zaktady/

pixel