Выйти
RU

2-орынға шықты: Екібастұзда белі ауыратын келіншек коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Екібастұзда келіншек коронавирустан көз жұмды. Ол ауруханаға белі ауырған соң келген. Ал екі күннен кейін қала тұрғынынан COVID-19 белгілері байқала бастапты. Нәтижесінде бүгін өңірде 12-өлім дерегі тіркеліп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

2- орынға шықты: Екібастұзда белі ауыратын келіншек коронавирустан көз жұмды

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақ халаттылардың сөзінше, 49 жастағы келіншектің бүйрегі ауырған. Ол дәрігерлерге айдың басында барған, ал екі күннен кейін денсаулығы бірден нашарлай бастапты.

Ақ халаттылар Екібастұз тұрғынынан коронавирусқа тест алып, оған медицина қызметкерлерінің бақылауына жатуды ұсынған Алайда пациент бұл ұсыныстан бас тартқан екен.

Ал келесі күні Екібастұз тұрғыны ауруханаға инфекциялық ауру белгілерімен өзі келген соң 5 маусым күні дәрігерлер оң сараптама нәтижесін алған.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қосалқы созылмалы аурулардың болуына байланысты тұрғынның жағдайы қатты нашарлағ. Нәтижесінде Екібастұз тұрғыны жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 14 маусым күні ол қайтыс болды.

Айта кетейік, бұл - Павлодар облысында коронавирустан тіркелген 12-ші өлім дерегі. Өңірде коронавирус жұқтырудың 349 жағдайы расталды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бүгінде облыс COVID-19-дан тіркелген қайғылы жағдайлар саны бойынша республикада екінші орынға шыққан. Ал тізімнің басында Нұр-Сұлтан қаласы тұр, елордада қауіпті вирустан 15 адам көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде тағы 313 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 14809-ға жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
2-орынға шықты: Екібастұзда белі ауыратын келіншек коронавирустан көз жұмды