2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"Тойды тоқтату мүмкін емес": Отандық асаба тойға мораторий жариялауға қарсы шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында саясаттанушы әрі филолог Оралбек Өтеғұлов елімізде той жасауды доғарып, бес жылға дейін той өткізуге мораторий жариялау туралы ұсынған. Аталған мәлімдеме ел арасында қызу талқыға түсті. Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл бастаманы құп көрсе, енді бір бөлігі қазақты тойдан айырмау керектігін айтады. KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берген асаба Құнанбай Қойланов той жасауға қарсы шыққандарға өз жауабын айтты.

Фото: Құнанбай Қойлановтың әлеуметтік желідегі парақшасы

Фото: Құнанбай Қойлановтың әлеуметтік желідегі парақшасы

"Соңғы кездері қазақтың тойына көз тігіп, той жасауға қарсы болатындар көбейді. Олардың да өз уәждері бар шығар. Бірақ мен тойға мораторий жариялауға түбегейлі қарсымын. Қазақ қашанда тойшыл халық. Қарапайым бұқара күнде шетел аралап, күнде қызық көріп жүрген жоқ.

Өмірде болатын бір тойды көре алмағанымыз ұят енді. Асыл дінімізде де екі жастың неке қиғанын жария қылу керектігі айтылған. Әрине, аста-төк той жасаушылар көп деп сөгетін шығар. Бірақ бұл барлығында байқалатын тенденция емес.

Өзінің шама-шарқы жеткенше той жасап, ұл-қыздарына ақ батасын беріп жатқандар қаншама?! Той мен қазақ бірге жасап келеді, сондықтан, тойды тоқтату мүмкін емес. Той арқылы халық көптен көрмеген ағайын-туысын көріп, хал-жағдайын сұрасады, жақынының қуанышына ортақтасады. Сол себепті, тойға қарсы шыққандар біраз ойлансын", - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Сондай-ақ, асаба карантин кезінде тойдың тоқтап қалғаны өз қалтасына қаншалықты қиын тигенін айтты.

"Әрине, карантин шаралары ешкімге оңай болған жоқ. Қара халықтың үйден бір адым аттай алмағаны қиын. Менің қалтама айтарылықтай қиындық түскен жоқ, бірақ, ай сайын айналып келетін коммуналдық төлемдердің өзі оңай еместігін түсіндім.

Сондықтан, тезірек той болса деген тілегіміз бар.

Жоғары жақта отырып алып, той туралы ойына келгенді айту оңай. Ал ел арасында тойхананың ашылуын күтіп, екі жасқа бір той жасап беруді армандап отырғандар қаншама? Карантинге байланысты қаншама ғашықтар тойын аңсап отыр? Осыны да ұмытпайық. Той мен қазақты бөліп алу мүмкін емес", - дейді Құнанбай.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тойды тоқтату мүмкін емес": Отандық асаба тойға мораторий жариялауға қарсы шықты