Выйти
RU

Көлгінов карантин шаралары қандай жағдайда қатаң түрге көшетінін мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарды қонаққа және отбасылық мейрамдарға барудан бас тартуды өтінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы елорда басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қонаққа барудан және отбасылық мерейтойлардан, сонымен қатар адамдардың көптеп топталып жиналуынан бас тарта тұру қажет. Тәуекел әлі де бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіздер. Қалада отбасылық індет ошақтары тіркелді. Бір адам отбасының бүкіл мүшелеріне - қарт ата-анасына, балаларына, жұбайына жұқтырып алды. Қалада инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында залалсыздандыру жұмыстарын тұрақты жүргіземіз", - деді Алтай Көлгінов.

Оның сөзінше, емханалар мен ауруханалар аумағында залалсыздадыру тоннельдері мен тепловизорлардың саны артырылатын болады.

"Өкінішке орай індет жұқтырғандардың барлығы бірдей медицина қызметкерлерінің нұсқауларын сақтай бермейді. Бұған қоса, олар өздігінен емдеумен айланысып, медициналық көмекке дер уақытында жүгінбейді. Қалай болғанда да COVID-19-дың ағза үшін ауыр салдарын бағаламауға болмайды. Қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы әрі елемеуі бүкіл қала аумағын шарпитын індеттің таралуына алып келуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды. Олай болмаған жағдайда қатаң карантин режиміне оралуға мәжбүр боламыз", - деді елорда әкімі.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 15 мыңға жуықтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көлгінов карантин шаралары қандай жағдайда қатаң түрге көшетінін мәлімдеді