Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енесін атып өлтірген азамат өзіне қол салу туралы ойынан айнып қалды

Опубликовано:

Таиландтың Утайтани провинциясында ер адам әйелін опасыздық үшін өлтірмек болды, бірақ енесі қызын аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru -ге сілтеме жасап.

Енесін атып өлтірген ер адам өзіне қол салудан айнып қалған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ер адамның айтуынша, ол өзіне опасыздық жасаған әйелін атып өлтірмек болған.

Отағасы келіншегі мен анасы оның қолындағы қаруды көріп, пышақ ала жүгіргенін алға тартты. Ол өз кезегінде әйелдерден өзін құтқармақ болып қаруды атқан. Оқ әйелдің анасына тиіпті.

Ер азаматтың жұбайы дін аман, ол бірден ауруханаға жеткізілді. Келіншек өз кезегінде ер адамның сөзін жоққа шығарып отыр.

Айтуынша, ол күйеуінің есірткіні жиі қабылдайтыны үшін онымен жанжалдасып, анасының үйіне бір айға кетіп қалыпты.

Жұбайы енесіне келіп, келіншегінің өзге біреумен ұялы телефонмен сөйлесіп тұрғанын көріпті. Ашуға булыққан ер адам бірден тапаншасын шығарып, әйелін атқан. Алайда анасы қызын денесімен жауып, өзі қаза тапты.

Оқиға орнына полиция келгенде күдікті азамат өз-өзіне қол салмақ болды.

Тәртіп сақшылары оны жарты сағат бойы сабырға келтіруге тырысқан, алайда қызы келгенде ер адамның өзі полицияның талаптарына көніп, кешірім сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, екінші рет үйлену үшін жұбайын өлтірген ер азаматтың жаға ұстатқаны жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860391-enesin-atyp-ltirgen-azamat-zine-kol-salu-turaly-ojynan-ajnyp-kaldy/

pixel