Выйти
RU

"Елге қызмет етуі екіталай": Танымал актриса "орыстанып" кеткен қазақтар үшін күйінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кино саласында өзін мойындатып келе жатқан талантты жас актриса Ғазиза Тлеубай ұлымен бірге тап болған келеңсіз оқиға туралы айтып, бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселені көтерді. Жас ана орысша сайрап жүрген қазақтарға шүйлігіп, олардың балаларының да өз тілін білмейтініне күйінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gazizaaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/gazizaaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ғазиза Тлеубай өз үйлерінің ауласынан ұлына дос табылмай қалғанына қатты қынжылған. Оған өзге бүлдіршіндердің орыс тілінде сөйлеп, қазақша түсінбейтіні себеп болыпты.

Актриса қазақ балаларының орысша сайрап, өз ана тілін білмей жүргені ата-аналардың қателігі екенін алға тартты.

"Менің жылағым келеді. Бүгін Елтереспен саябақ пен аулада көп серуендедік. Көршілердің барлығы делік қазақтар. Саябақтағы баласымен жүргендердің де басым көпшілігі қазақтар.
  • Соладың, шамамен 60%-і орысша шүлдірлеп жүр. Менің балам олардың баласымен ойнағысы келеді, ойнайын десе, олардың тілін түсінбейді. Не дерімді білмеймін де. Балама бірдеңе деп сөйлеп жатыр, ол болса маған қарап тұр. Аударып тұруға намыстанып, кетіп қалдым. ⠀ Мен балалардың көп тіл білгеніне қуанамын. Дегенмен, ана тілге құрмет болмаса, оны білмесе, өсіп келе жатқан балапандарымыз ертең елге қызмет етуі екіталай деп ойлаймын.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе", - дейді ғой. Бірақ осы ретте эгоистік тәрбие беріп жатқан қаншама ата-аналар есіме түседі. Мейлі, бұл бөлек тақырып болсын. Ұлтымды жақсы көремін. Оның өткенін жаңғыртуға шамам келгенше үлес қосқым келеді" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Елге қызмет етуі екіталай": Танымал актриса "орыстанып" кеткен қазақтар үшін күйінді