Выйти
RU

Қазақстан бокс құрамасының бұрынғы бапкері өмірден озды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ардагер спортшысы, әрі ұлттық құраманың бұрынғы жаттытырушысы Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев өмірден озды. Бұл жайында еліміздің бокс федерациясы мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

"Оның бүкіл өмірі боксқа арналған болатын. Серік Әбденәліұлы бірнеше рет ел чемпионы болған атақты спортшы, сонымен қатар мемлекеттік жаттықтырушы және Сидней қаласында өткен бокстан халықаралық олимпиадалық жарыстарда төрелік еткен бірінші қазақстандық төреші ретінде танылды.

Оның басшылығымен отандық боксшылар талай додада топ жарып, үздік атанды.

Федерация Серік Әбденәліұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

KAZ.NUR.KZ редакциясының ұжымы Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев жанұясына қайғыра көңіл айтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан бокс құрамасының бұрынғы бапкері өмірден озды