Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"18 жыл күттім": Атыраулық әйел 43 жасында ұлды болды (видео)

Опубликовано:

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны Жанат Аманғалиева 43 жасында ұлды болды. 18 жыл бойы сәби сүйе алмаған әйел қуанышты жаңалығын KAZ.NUR.KZ оқырмандарымен бөліскен болатын.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Естеріңізде болса, құлсарылық Жанат Аманғалиеваның сәби күтіп жүргені туралы хабарлаған болатынбыз. Кәмелеттік жасқа жеткен тұңғыш ұлынан кейін балалы бола алмаған Жанат ханым 6 маусым күні екінші сәбиін дүниеге әкелді.

43 жасқа қараған шағында тағы да ұлды болған Жанат пен оның отбасының қуанышында шек жоқ. Бұған дейін бірнеше рет бала көтеріп, сәбидің құрсақта дамымай қалуы салдарынан талай түсік тастаған Жанат Дүзелбайқызы 18 жыл күткен ұлының тек амандығын тілейді.

"Бұл бақытты 18 жыл күттім. Алдымен Алланың, кейін Ұмай ана – оралдық Анар апаның көмегімен бала көтеріп, сәбилі болдым. Аллаға сансыз шүкір етем. Талай жыл бойы аңсаған арманым орындалды. Осы бақытыма бірден-бір себепкер болған оралдық емші Анар апаға айтар алғысым шексіз. Әр қазақтың отбасында тек той болсын", - дейді Жанат.

Айта кетелік, бұған дейін сәтсіз ЭКО-дан кейін өз күшімен сәбилі болған келіншектің оқиғасын да хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860407-18-zyl-kttim-atyraulyk-jel-43-zasynda-ldy-boldy-video/

pixel