RU

Асхат Аймағамбетов те оқшауланды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырып, өзін-өзі оқшаулады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі өз-өзін оқшаулап жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
"Министрдің COVID-19 инфекциясына тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсетті. Асхат Қанатұлы өзін жақсы сезінеді. Соған қарамастан, бекітілген уақыт бойынша ол өз-өзін оқшаулап, қашықтан жұмыс істейді.
Хаттамаға сәйкес, ол қайтадан тест тапсырады. Жұмыс кестеге сәйкес бейнеконференциялық байланыс арқылы жүргізіледі", - деді министрліктің баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғаннан кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Сапарбаевтың оқшауланғанын растады. Сондай-ақ, аймақ басшысының ерікті түрде өзін-өзі шектеуіне қарамастан, өз міндеттерін орындауды жалғастыратыны хабарланды.

Бердібек Сапарбаевтың жұмыс процесі өзін-өзі оқшаулау тәртібіне сәйкес болуына орай онлайн режимге көшірілді. Сонымен қатар, облыс әкімі COVID-19 вирусын анықтауға арналған тест тапсырғаны белгілі болды. Тексеру нәтижесі теріс шыққан.

Айта кетерлігі, 12 маусымда Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына сапары барысында Асқар Мамин және Елжан Біртановпен кездескен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860416-ashat-ajmagambetov-koronaviruska-test-tapsyrdy.html