Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция желіні шулатқан дүбірлі тойға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Түркістан облысының полиция департаменті желіде қызу талқыға түскен аста-көк тойдың видеосына қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшылары бүгінде аталмыш бейнежазбаны зерттеп, оның нақты қашан және қайда түсірілгенін анықтауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Instagram желісінде тарап кеткен дүбірлі шараның видеосы халық наразылығына ие болды. Көпшілік карантин талаптарын бұзып, той жасағандарды аяусыз сынап тастады. Желідегілер олар өздерінің коронавирусқа деген немқұрайлығы салдарынан қоғамға қауіп-қатер төндіріп жатқанын жазуда.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бейнежазба полицейлердің де назарына ілікті. Өңірлік полиция департаменті қазіргі таңда видеоның анық-қанығын тексеруде. Тәртіп сақшылары тойдың шын мәнінде қашан және қай жерде өткенін анықтау қажет.

Егер мерекелік шара карантин уақытында тойланғаны анықталған жағдайда, санитарлық дәрігерлер ұйымдастырушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында өткен ұлан-ғасыр тойдың видеосы тарап, желіде шу тудырғанын жазған болатынбыз. Аталмыш шарада мейрамханалардағыдай екі жүзге жуық адам болған. Олардың арасында белгілі әзілкеш Нұржан Төлендиев те бой көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860427-policia-zelini-sulatkan-dbirli-tojga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel