2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Блок-бекеттегі апаттан зардап шеккен үшінші полицей ауруханадан шығуға дайындалуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы блок-бекетте болған жол апатынан зардап шеккен полицей Ербұлан Сейдазым ауруханадан шығуға дайындалып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Блок-бекеттегі апаттан зардап шеккен үшінші полицей ауруханадан шығуға дайындалуда

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Белгілі болғандай, қазіргі таңда полиция қыметкерінің денсаулығы жақсы.

"15 маусымдағы жағдай бойынша, науқастың денсаулығы жақсы. Өз есін жақсы біледі, сұрақтарға жауап береді. Неврологиялық белгілер басылды. Орташа астеновегетативті синдром сақталып тұр. Науқас ауруханадан шығуға дайындалуда", - делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Ербұлан Сейдазым зардап шеккен жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған еді.

BMW көлігінің жүргізушісі, әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды.

Кейін жол апатынан тағы бір полиция қызметкерінің зардап шеккені хабарланды. Ол 1994 жылы Ербұлан Сейдазым есімді азамат болып шықты. Тәртіп сақшысы сол кезде жансақтау бөліміне түскен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Блок-бекеттегі апаттан зардап шеккен үшінші полицей ауруханадан шығуға дайындалуда