2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Кіші сыныптағы балаларға үлгі болған оқушылар желіде жұлдыз болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың Аньхоя қаласында жоғарғы сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларын жаңбырдан ерекше тәсілмен құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Жақсылық жасаған қытайлық оқушылар желіде атақты болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Түскі ас ішуге көрші ғимаратқа барған төменгі сынып оқушылары сабақ басталар сәтте күтпеген жерден жаңбырдың астында қала жаздады. Анықталғандай, олардың ешқайсысының қолшатыры болмаған.

Алайда жоғарғы сынып оқушылары олардың алдында қолшатырымен мақтанудың орнына тіз қатар тұрып, қорғаныш дәліз құрған.

Кішкентай балақайлар қолшатырлардың астынан өтіп, сыныптарына көтеріңкі көңіл күймен қайта оралды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қытайлық мектептің оқушыларын коронавирустан қорғайтын ерекше тәсіл ойлап тапқанын хабарлаған едік.

Білім мекемесі әкімшілік оқушыларға коронавирустан қорғану мақсатында маскалар ғана емес, ерекше бас киімдер киюді де міндеттеген.

Оқушылар ерекше бас киімнің көмегімен бір-бірінен алшақ жүріп, қашықтықты сақтайды.

Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, бұл - мектептің өзіндік шығармашылық идеясы.

Балалар "Ұзындығы бір метрлік бас киім киіп, қашықтықты сақта" қағидасын ұстанады. Олар бас киімдерін өз қалауы мен талғамына қарай жасай алады.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кіші сыныптағы балаларға үлгі болған оқушылар желіде жұлдыз болды