RU

Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс министрі, генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ОКҚ

Фото: ОКҚ: Depositphotos

Ресейде өтетін мерекелік іс-шараларға Қазақстан Қорғаныс министрі өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен барады.

Өзін-өзі оқшаулау бойынша шаралар шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін ескере отырып қабылданған.

"Қорғаныс министрі жұмыс орнында. Бұл ретте оның қарамағындағылармен тікелей байланысы жоқ. Қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер қызметіне басшылық ету телефон және бейнеконференцбайланысы арқылы жүзеге асырылады.
Өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қорғаныс министрімен қажетті диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Тағы да оқыңыздар

Кәріс тарихи дорамалары: 2019 жылдың тізімі

Өзін-өзі оқшаулау режимінің аяқталу күні туралы шешім ағымдағы жағдайды ескере отырып, Мәскеуден оралғаннан кейін қабылданады", - деп хабардар етті ведомство баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін, үкімет басшысы Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкенін хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті