Выйти
RU

Қамалжан Надыров: Ауруханаларда орын тапшылығы қаупі бар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров бүгін онлайн брифинг барысында қаладағы ауруханаларда орын тапшылығы бар ма деген сауаға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы ҚДСД басшысы: Ауруханаларда орын тапшылығы қаупі бар

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Қамалжан Надыров алматылық ауруханаларда төсек жетіспеушілігі қаупі бар екенін жоққа шығарған жоқ.

"Ауруханаларда төсек саны жеткілікті, біз әртүрлі жағдайға дайындалып жатырмыз, бірақ денсаулық сақтау жүйесінің ресурстары шексіз емес. Төсек орын жетіспеушілігі қаупі бар және бірқатар елдерде болған жағдаймен біз де бетпе-бет келуіміз мүмкін. Яғни дәрігерлер ауыр хәлде жатқандарды аман алып қалу үшін пациенттерді жағдайының ауырлығына қарай іріктеуге мәжбүр болғандай", - дейді Надыров.

Ол барлық адамдар вирустың тасымалдаушысы бола алатынын және аурудың белгілерсіз өтуі мүмкін екенін айтып, карантиндік шаралар мен мамандардың кеңестерін сақтауға шақырды.

Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус жұқтырудың үш мыңнан астам жағдайы тіркелген. Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде бес адамның жағдайы ​​өте ауыр, 62-сі ауыр, 575-сі орташа, 584-ті қанағаттанарлық деп бағалануда.

Айта кетейік, оңтүстік астанада карантиндік шаралар күшейтілген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қамалжан Надыров: Ауруханаларда орын тапшылығы қаупі бар