Выйти
RU

Токио губернаторына үміткер сайлауда жеңсе, Олимпиаданы өткізбеуге уәде берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапонияда "Рэйва синсэн гуми" партиясының көшбасшысы Таро Ямамото Токио губернаторы сайлауына өз кандидатурасын ұсынғанын мәлім етті. Саясаткер бүгінгі баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, оның сайлауалды бағдарламасының басты пункті – келесі жылға жоспарланған Токио Олимпиадасын өткізбеу деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

"Токио губернаторы сайлауына өз кандидатурамды ұсынуға шешім қабылдадым. Сайлауалды бағдарламамның бірінші пункті – Токио Олимпиадасын өткізбеу. Коронавирусқа байланысты әлемдегі жағдайды ескерсек, келесі жылы ойындарды өткізу мүмкін болмайды. Сайлауда жеңіске жетсем, Олимпиаданы өткізбеуді талап етемін", – дейді ол.

Айта кетейік, Токио губернаторын сайлау 5 шілдеде өтеді. Бұған дейін қазіргі губернатор Юрико Коикэ өз кандидатурасын екінші мерзімге ұсынатынын мәлім еткен. Ол билік басындағы либералды-демократиялық партияның қолдауына ие.

Еске сала кетсек, 2020 жылы Токиода өтуі тиіс болған Олимпиаданы коронавирус қаупі салдарынан бір жылға шегеру туралы шешім қабылданған болатын.

Сонымен қатар Қазақстанның Токио Олимпиадасының шегерілуінен қанша қаражат үнемдегені белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Токио губернаторына үміткер сайлауда жеңсе, Олимпиаданы өткізбеуге уәде берді