RU

Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді

Оңтүстік астанада карантиндік шаралар күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Атап айтқанда, Алматы қаласындағы базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сауда орталықтары тамақтану нысандарының, ойын-сауық нысандарының жұмысын тоқтата отырып, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.

Банктер қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек.

Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.

Сонымен қатар ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі қажет.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.

Еске сала кетейік, бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді.

Сондай-ақ бұған дейін Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды Алматы, Маңғыстау облыстарында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860483-almaty-kalasynda-karantindik-saralar-ksejtildi.html