2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

ҰБТ тапсырудың барлық пунктерінде санитарлық шаралар күшейтіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін барлық пункттерде санитарлық шаралар күшейтілді. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: arnapress.kz

Фото: arnapress.kz

Атап айтқанда, тестілеу пунктеріне кіру маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

Әрбір тест тапсырушы дезинфекцияның 5 кезеңінен өтеді. Олар:

  • сыртқы киімді дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандыратын арнайы тоннель арқылы өту;
  • санитарлық қызметкерлердің аяқ киім мен қолды дезинфекциялау процедурасы;
  • термобақылау процедурасы. Жоғары температура анықталған жағдайда тест тапсырушыға кезекші бригада мен медицина қызметкерлері жедел кеңес береді;
  • тексерушілер мен тест тапсырушылар арасындағы қашықтықты сақтай отырып сәйкестендіру рәсімі;
  • респираторлық немесе әдеттегі медициналық маскаларды беру.

Сондай-ақ, тестілеу пунктерінің әрбір қабатының дәліздерінде санитайзерлер орнатылады, ал жанасуды болдырмау үшін дәліздегі және аудиториялардағы барлық есіктер алдын ала ашық болады.

Тест тапсырушыларды орнына отырғызу алдында аудиториялар міндетті түрде желдетіледі, сосын кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, олар тиісті орнына жайғасады.

"Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, сондай-ақ карантиндік шараларды сақтау мақсатында ата-аналарға ҰБТ-ға түлектермен келуіне және оларды тестілеу өтетін аумақта күтуге тыйым салынады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың күшімен балаларды ҰБТ-ға тасымалдауды ұйымдастыру қамтамасыз етіледі, ал тестілеу пункттерінің аумақтарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайтын болады", – дейді Смағұлов.

Еске сала кетейік, ата-аналарға балаларын ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынатынын бұған дейін хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰБТ тапсырудың барлық пунктерінде санитарлық шаралар күшейтіледі