RU

Біртановпен байланыста болған Сапархан Омаров та өзін-өзі оқшаулады

Коронавирус анықталған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болған ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та өзін-өзі оқшаулады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омарханға сілтеме жасап.

Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz: Facebook

Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, ведомство басшысы министр Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына сапармен барған.

Омаров коронавирусқа тест тапсырған. Сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Жақында ол тағы да COVID-19 инфекциясына тест тапсырмақ. Ал оған дейін өзін-өзі оқшаулау режимінде болмақ.

Министр жұмысын видеобайланыс арқылы кесте бойынша жалғастыра береді.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғаннан кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулады.

Сондай-ақ үкімет басшысы Асқар Маминнің де өзін-өзі оқшаулағаны белгілі болды.

Кейін білім және ғылым минстрі Асхат Аймағамбетовтың да оқшауланғаны хабарланды.

Одан бөлек, Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс министрі, генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860497-birtanovpen-bajlanysta-bolgan-saparhan-omarov-ta-zin-zi-oksaulady.html