Выйти
RU

Тағы 4 адам көз жұмды: Қазақстанда коронавирус құрбандарының саны 81-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы төрт науқас көз жұмды. Осылайша, қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 81-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Соңғы деректерге сәйкес, Алматы қаласында 1964 жылғы ер адам және 1971 жылғы әйел, Ақтөбе облысында 1955 жылғы ер азамат, Павлодар облысында 1954 жылғы әйел қайтыс болды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша қайтыс болғандар тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы – 15

Алматы қаласы – 12

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 6

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 4

Қарағанды облысы – 7

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Түркістан облысы – 3

Ақтөбе облысы - 1

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.Бұл туралы министрдің өзі Facebook парақшасында жазды.

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", - деді ол өз жазбасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 4 адам көз жұмды: Қазақстанда коронавирус құрбандарының саны 81-ге жетті