Выйти
RU

Біртановтың міндеттерін кім атқаратыны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан уақытта оның міндетін кім атқаратыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп NUR.KZ тілшісіне айтып берген.

Оның сөзінше, денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша үш вице-министр Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева атқаратын болады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының кестесіне сәйкес, үш вице-министр Елжан Біртанов толық сауыққанға дейін күн сайын Денсаулық сақтау министрінің міндетін кезекпен атқаратын болады", - деді Диас Ахметшәріп.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.Бұл туралы министрдің өзі Facebook парақшасында жазды.

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", - деді ол өз жазбасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртановтың міндеттерін кім атқаратыны белгілі болды