Выйти
RU

Қарағанды облысында бимен халықтың көңілін көтермек болған әкім жазаланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы Жәйрем ауылының әкімі карантин мен өзін-өзі оқшаулау кезінде ұжыммен бірге би билеп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер мен WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы таратқан. Нәтижесінде шенеунікке қызметіне толық сай емес деген сөгіс жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаражал қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында бимен халықтың көңілін көтермек болған әкім жазаланды

Фото: Видеодан кадр

Тұрғындар ұжыммен бірге би билеген ауыл әкімінің іс-әрекетін бағаламай, жоғарыдағы әкімдікке жүгінген.

Олар тексеру жүргізіп, әкімнің карантин шараларын бұзғанын анықтаған. Яғни, әкім ғимаратқа адамдарды жинап, коронавирус пандемиясы кезінде жаппай би ұйымдастырған. Олар маска мен қолғапсыз болған және арақашықтықты сақтамаған.

Аталған жайтқа қатысты пікір білдірген Қаражал қаласы әкімдігінің хабарлауынша, шенеунік қызметіне толық сәйкес емес деген сөгіс алған.

Ауылдың ойын-сауық орталығының директоры Ақмарал Иманбекованы да жаза күтіп тұр. Себебі ол да маскасыз би билеп, арақашықтықты сақтамаған.

Әкімді жазалау туралы бұйрыққа Қаражал қаласының әкімі қол қойды.

Ал ауыл басшысы бұл әрекетіммен басқалардың көңіл-күйін көтеруге тырысқанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде коронавирус инфекциясынан тағы төрт науқас көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. Осылайша, қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 81-ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында бимен халықтың көңілін көтермек болған әкім жазаланды