Выйти
RU

Алматы облысында айуандықпен өлтірілген 34 жастағы кәсіпкердің туыстары ІІМ көмек сұрап отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында осыдан бір жыл бұрын 34 жастағы кәсіпкер айуандықпен өлтірілген. Күдіктілерге сот үкімі де шыққан. Алайда кәсіпкердің туыстары оларға берілген жазамен келіспейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысында айуандықпен өлтірілген 34 жастағы кәсіпкердің туыстары әділеттілік іздеуде

Фото: Астана арнасы, көрнекі фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға өткен жылы Қарасай ауданындағы Көксай ауылының маңында болған. Марқұм Арман Жайсан сол күні таңғы сағат 10:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Оған іздеу салған жақындары жеті күн өткеннен кейін оның денесін Үлкен Алматы көлінен тапқан.

Марқұмның туыстары әлеуметтік желіде апталдай азаматтың айуандықпен өлтірілгенін жазған. Айтуларынша, кәсіпкер жігітті серіктестері көлікпен алып кетіп, қорлық көрсеткен. Денесіне 11 рет пышақ сұғып, мәйітін жасырмақ болыпты.

"Мен үнсіз қала алмаймын! Бұл дегеніміз нағыз айуандық, қатыгездік, дөрекілік қой. Біздің отбасымыздың қара жамылғанына бір жыл өтсе де, әділеттікке жету мүмкін болмай тұр. Ағамды жауыздықпен өлтіргендер, онымен 18 жыл бойы серіктес болғандар. Денесіне 11 рет пышақ сұққан. Тілінген жерлері де көп. Мәйітін тапқан соң оны үйге кіргізе де алмадық. Сырттан Құран оқытып, жерледік", - дейді туысы Сәуле Жайсан.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Жантүршігерлік оқиғандан соң облыстық полиция департаменті іс қозғап, 35 және 46 жастағы күдіктілерді қолға түсірген.

Сондай-ақ, Қылмыстық Кодекстің 99 бабы, 2-ші бөлігі бойынша қарастырып, істі сотқа жолдапты. Сот алты айдан астам уақытқа созылып кінәлілерге жаза тағайындалған.

"Кісі өліміне әкелген қылмысқа жауапты ретінде екі азамат тартылды. Олар жәбірленушімен бірге серіктес болған Хамидуллин мен оның күзетшісі Төлепбергенов. Облыстық сот күзетші Төлепбергеновті кінәлі деп танып оны 11 жылға бас бостандығынан айырсын деген шешім қабылдады. Ал серіктес Хамидулинді 4 жылға бас бостандығынан айырды", - деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділет Бақытов.

Жәбірленуші тарап сот шешімімен келіспейді. Олар айуандықпен өлтірілген азаматтың ісін, Ішкі Істер Министрі бақылауына алса дейді.

Ә. Лесбек

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында айуандықпен өлтірілген 34 жастағы кәсіпкердің туыстары ІІМ көмек сұрап отыр