Выйти
RU

Ақтауда карантин кезінде жағажайда жаппай демалып жүрген жұрт видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Куәгерлер Ақтаудағы жағажайлардың бірінде адамдардың жаппай жиналуын видеоға түсіріп алған. Демалушылар карантиндік шараларға қарамастан күнге қыздырынып, суда шомылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда карантин кезінде жағажайда демалып жүрген жұрт видеоға түсіп қалды

Фото: Видеодан кадр

"Лада" басылымының хабарлауынша, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті видеоға қатысты пікір білдірген. Анықталғандай, видео өткен жексенбіде түсірілген.

Кадрдан көптеген адамның жағада демалып жатқанын көруге болады. Басылымның мәліметінше, куәгерлер бүкіл қаланың "жағажайға келгенін" айтқан.

Басылым 14 маусымда азаматтардың облыстық төтенше жағдайлар департаментінен ауа температурасының 40 градустан жоғары көтерілетіні туралы ескерту алғанын жазады.

Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті адамдардың жағаға барып теңізде жүзу және бүкіл отбасымен демалуға деген ұмтылысын түсінетіндерін айтты.

Алайда соған қарамастан, азаматтарға сақтық шараларын сақтауға кеңес беріліп отыр.

Сондай-ақ, ведомствода атап өтілгендей, аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзу немесе елемеу фактілері анықталған жағдайда Маңғыстау облысының тұрғындары бұл туралы ақпаратты WhatsApp мессенджеріне жібере алады.

Қазіргі уақытта өңірде сенім телефоны жұмыс істейді. Талаптарды бұзғандарға шара қолданылады.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Айта кетейік. соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асқан. Олардың 397-і Маңғыстау облысынан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда карантин кезінде жағажайда жаппай демалып жүрген жұрт видеоға түсіп қалды