Выйти
RU

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 15192-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"15 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 104, Қарағанды облысында - 50, Алматы қаласында - 34, Павлодар облысында - 34, Шымкент қаласында - 25, Батыс Қазақстан облысында - 24, Маңғыстау облысында - 18, Атырау облысында - 14, Қостанай облысында - 13, Алматы облысында - 12, Ақмола облысында - 10, Түркістан облысында - 10, Ақтөбе облысында - 10, Жамбыл облысында - 9, Қызылорда облысында - 7, Солтүстік Қазақстан облысында - 6, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша ауру өсімі 2,6 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 15 маусымда тағы төрт адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Алматы қаласымен Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазіргі таңда елімізде қауі9пті індеттен қайтыс болғандардың саны 81-ге жеткен.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустан 200 адам емделіп шыққан. Жалпы ел бойынша аурудан айыққандар 9388.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асты