Выйти
RU

Бейжіңдегі коронавирустың жаңа ошағы бұрынғыға қарағанда қауіпті болуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бейжіңдегі коронавирустың жаңа ошағы Уханьға қарағанда қауіпті болуы мүмкін. ДДСҰ бұл жағдайға алаңдап, оны мұқият қадағалауда ұстап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бейжіңде жаңа коронавирус инфекциясы бұрынғыға қарағанда қауіпті болуы мүмкін

Фото: Paul Yeung/Bloomberg via Getty Images

Порталдың ақпаратына сәйкес, Қытайда коронавирустың жаңа ошағына қатысты кейбір мәліметтер белгілі болды.

Бейжің қаласындағы көтерме сауда базарының қызметкерлерінен анықталған инфекция – бұл коронавирустың жұқпалырақ жаңа түрі. Уханьдағыдан гөрі қауіптірек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райанның айтуынша, бұл жағдай алаңдаушылық тудырады.

Ухань университетінің вирусологы Ян Чжаньцюдің айтуынша, Бейжіңдегі жағдай Еуропаны еске түсіреді. Бұл дегенміз вирус жұқтырғандар саны Уханьдағы жағдайдан әлдеқайда асып түсуі мүмкін.

Уханьның инфекцияның басталуынан бастап екі аптаның ішінде жеткен көрсеткіштеріне Бейжің төрт-ақ күнде жетіп отыр. Бұл адамдардың вирусқа дайындығы мен ыстық ауа райы секілді факторларға қарамастан тіркелуде.

Еске салсақ, Бейжіңде 56 күннен кейін коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген еді. COVID-19 диагнозы соңғы екі аптада қаладан шықпаған 52 жастағы азаматта расталған.

Сондай-ақ, Қытай астанасына көрші Баодин қаласында әскери режим енгізілді. Оған Бейжіңдегі азық-түлік базарынан шыққан коронавирус дерегі себеп болғаны туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейжіңдегі коронавирустың жаңа ошағы бұрынғыға қарағанда қауіпті болуы мүмкін