Выйти
RU

Біртановпен бір ұшақта болған: Тағы бір министр өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев та өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті. Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біртановпен бір ұшақта болған: тағы бір министр өзін өзі оқшаулады

Мағзұм Мырзағалиев. Фото: primeminister.kz

Белгілі болғандай Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапары кезінде премьер-министр Асқар Маминмен және коронавирус анықталған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бір ұшақта болған.

Мырзағалиев, Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адам есебінде, іссапардан келгеннен кейін тест тапсырған.

Баспасөз хатшысы министрден коронавирус анықталмағанын айтты.

Апта соңында министрлік басшысы қайта тест тапсырады, ал әзірге ол үйде оқшауланып, қашықтан жұмысын жалғастыруда.

Өткен аптада бірқатар министрлер премьер-министрмен бірге Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған еді. Шенеуніктер Гвардейский кентіндегі коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құрылыс нысанында болды.

14 маусымда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінен коронавирус анықталғанын хабарлады.

Бұл жаңалықтан соң Жамбыл облысында министрмен сапарда бірге болған үкімет басшысы Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртановпен бір ұшақта болған: Тағы бір министр өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті