Выйти
RU

Алтынай Жорабаева елордада желідегі оқырмандарымен серуендеп қайтты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желідегі жанкүйерлеріне барынша жақын болу үшін карантин уақытында оларды кездесуге өзі шақырған. Эстрада жұлдызы адал тыңдармандарымен жүздесіп, кешкі елордада бірге серуендеп қайтқан. Ол өнерін ерекше бағалайтын жандармен тілдесіп, оалрды жақынырақ білген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/altynaizhorabayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram/altynaizhorabayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Алтынай Жорабаева Instagram парақшасы арқылы оқырмандарына ұсыныс жасап, оларды серуенге шақырған.

"Құрметті, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары кеімнің кешкі уақытта жаясу жүріп қайтқысы келеді? Шығайық. Сағат 22:00-де, "Жетісу" саябағының алдында кездесеміз. Бір он бес минуттай күтеміз. Кім қосылады солармен да ары қарай жүріп кетеміз. Есілдің жағасымен "Конгресс холлға" дейін, сосын қайтадан Ақордаға дейін келеміз. Бір жерге тоқтап, жаттығу жасаймыз, билейміз. Негізі қызықты болады" , - деп айтты әнші.

Нәтижесінде эстрада жұлдызымен қауышу үшін оннан аса дам келген. Өнер иесі желідегі оқырмандарын шынайы өмірде көріп, олардың ауа райы қолайсыздығына қарамастан сөзін жерге қалдырмағанына марқайып қалған.

Жорабаева жанкүйерлерімен өткізген қызықты уақытының видеосымен бөлісіп, оларға өз алғысын білдірген.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алтынай Жорабаеваның жолдасының суреті тарап кеткенін жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алтынай Жорабаева елордада желідегі оқырмандарымен серуендеп қайтты (фото)