2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Алматыда қозғалыстағы көлік есігінен шығып тұрған азамат видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында қозғалыстағы көліктің есігінен шығып тұрған азамат видеоға түсіп қалды. Бейнеролик әлеуметтік желіде тараған. Бұл жайттан кейін оңтүстік астаналық азамат жауапкершілікке тартылған деп хабарайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдан көліктің есігінен шығып айдаған жүргізуші видеоға түсіп қалды

Фото: Видеодан кадр

Желіде қозғалып бара жатқан Mitsubishi Galant көлігінің жүргізуші жағындағы есіктен шығып тұрған жолаушының видеосы тарап кетті.

Ал оның қасындағы азамат көлік құралын басқарып отырған.

Тәртіп сақшылары видеоның Алматыдағы Момышұлы көшесінің бойында түсірілгенін анықтады.

Көлік жүргізушісі табылды. Анықталғандай, азаматтар бұзылған автокөлікті итеріп, жүрген сәтте жолаушы жүргізушіге секірген. Дәл осы сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Полиция ақпарынша, көлік жүргізіп отырған азаматтың жасы 33-те. Ол Іле ауданында тұрады. Қазір тұрғынның үстінен жолаушыны кабинаның сыртында тасымалдағаны үшін әкімшілік жаза тағайындалған. Оған 14 мың теңге айыппұл салынды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғандар Түркістан облысында да тіркелген. Желіде тараған видеоға сәйкес, жігіттер тас жолда қозғалыстағы көлік салонын шығып тұрған. Жолда жүру ережесін Toyota Land Cruiser, Volkswagen Passat және Audi көліктері бұзған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Анықталғандай, жастар әскерден келген достарын күтіп алып, жолда апатты жағдай туғызған. Тәртіп бұзғандар Әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша жазаланған, ал темір тұлпарлары арнайы тұраққа қойылған.

Алматыдан көліктің есігінен шығып айдаған жүргізуші видеоға түсіп қалды

Фото: Видеодан кадрлар

Айта кетейік, еліміздің қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында армян көліктері үшін қосымша салық енгізілетінін мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда қозғалыстағы көлік есігінен шығып тұрған азамат видеоға түсіп қалды