Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында достарымен тауға шыққан бозбала қайтыс болды

Опубликовано:

Түркістан облысында Біркөлік демалыс аймағына демалуға барып, тауға шыққан бір топ баланың үшеуі жоғалып кеткен. 16 маусым күні құтқарушылар жоғалғандардың бірінің денесін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Біркөлікке" достарымен демалуға барған бозбала қайтыс болды
Фото: birkolik.kz: UGC

15 маусым күні сағат 22.50 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданы Біркөлік демалыс аймағында бір топ бала тауға шығып, үшеуінің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Топта 10 адам болған. Тоғызы 2003 жылы туған оқушылар болса, біреуі тәрбиеші. Демалушылардың жетеуі таудан өздері түскен.

Демалыс аймағы Түркістан облысы Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Біркөлік ауылында орналасқан.

Аталған мекенжай бойынша сағат 23.00-де жолға шыққан құтқарушылар сағат 00.58-де жоғалғандардың бірінің денесін тапқан. Оның 2003 жылы туған бозбала екені анықталды.

"Алдын ала болжам бойынша түнгі уақытта ол абайсызда таудан құлаған. Қалған екі адаммен байланыс орнатылып, нұсқаулықтар берілді және бүгін 16 маусымда таңертең сағат 07.00-де іздестіру жұмыстары жалғастырылып, нәтижесінде құтқарушылар адасып кеткен екі адамды тауып, оларды аман-есен таудан түсірді", – дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Түркияда қазақстандық ару құздан құлап қаза тапқан болатын. 31 жастағы Олеся Суспицина құрбысымен бірге саябаққа серуендеуге шыққан. Әйел сонда сарқыраманың жанында тұрып селфи жасамақ болған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860581-birklikke-dostarymen-demaluga-bargan-bozbala-kajtys-boldy/

pixel